"БІР ЕЛ - БІР КІТАП" - 2019. ЖЫЛ КІТАПТАРЫ: Ә.КЕКІЛБАЕВ "АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ", ӘБДІЛДӘ ТӘЖІБАЕВТЫҢ ПОЭЗИЯСЫ

 2019 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында жалпыхалықтық оқуға екі кітап таңдалды: 

• Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры»
• Әбділда Тәжібаевтың поэзиясы

1) Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры»
Әбіш Кекілбаев (1939-2015) - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек ері. 1939 жылғы 6 желтоқсанда Гурьев облысы Маңғыстау ауданы Оңды ауылында дүниеге келді. 1962 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Әртүрлі жылдары мемлекеттік лауазымдарда қызмет етті. Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986). Ерекше дарын иесі, заманауи қазақ әдебиеті мен өнеріндегі ерекше құбылыс. Алғашқы кітабы 1962 жылы жарық көрді. Жазушы сыншы және публицист ретінде танылды.

Қазақстанның әдеби өмірінде өзіндік орнын алған 50 - ден аса кітаптың авторы. Бүгінгі таңда ол әдеби прозаның және көркем критиканың танылған шебері, ондаған роман, повесть, әңгімелер және эссе кітаптарының авторы болып табылады, олар қазақ, қырғыз, орыс, өзбек, эстон, неміс, испан, болгар, венгер, поляк, түрік, ағылшын және әлемнің көптеген басқа тілдерінде жарыққа шыққан. Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы туралы әдеби – сыни мақалалар, баяндамалар жарық көрді.

«Аңыздың ақыры» романы. Жарты әлемді жаулап алған қарт Әмірші кенеттен әлсіздікті сезінеді, күтпеген жайт орын алады – әйелдерінің бірі кіші Ханшы мен жас сәулеткер, мешіт мұнарасын салушы Жаппардың арасындағы байланыс жайында күдігі пайда болады. Әмірші кейіпнің негізі ретінде аңыз кейіпкері Тамерлан таңдалды. Кекілбаев бұл аңызды халық арасында танылған әңгімелердің көмегіне жүгінбей, психологиялық анализ логикасымен және зерттелетін жалпылама көркем мінездің шындығына сүйеніп аяғына дейін жалғастырды.

2) Әбділда Тәжібаевтың поэзиясы
Тәжібаев Әбілда – 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1946 жылы Қазақ педагогикалық институтын аяқтады. Газеттің қатардағы редакторынан бастап, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметіне дейін еңбек етті. Қазақ әдебиетінің танылған өкілдерінің алдыңғы қатарындағы құрметті ақындардың бірі. Көпжылдық және жемісті еңбегімен қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосты, даму жолдары, жеңістері мен жеңілістері, өрлеуі мен жаңаруы еңбектерінде көрініс алды.

Жазушының әдеби шығармашылығының негізгі жанрлары – поэзия және драматургия. Поэмалардың тақырыптары әралуан – төңкеріс, жаңа өмірдің құрылысы, халықтың өткені, көптеген адамдардың тағдырлары, жаңа дәуір, олар жылулықпен және лирикалық толымдылығымен ерекшеленеді. Қазақ ұлттық драматургиясының дамуына зор еңбек сіңірді.

Тәжібаевтың шығармашылығы біздің әдебиетіміздің нақтылы түрдегі көрінісі болып табылады. 30 – шы жылдардың соңында Мұхтар Әуезов оның алғашқы туындыларын оқып, жас ақынның көркемдік ерекшеліктерін атап өтті. Шын мәнінде, сол кезеңде де ақын өз өлеңдерінде жалындылықты сақтап, қазақ лирикасының дәстүрлерін ұстанды.