Өнегелі өмір

Бұл кітапта дәнді дақылдардың қоршаған ортаның қолайсыз фак-торларына төзімділігі мен өнімділігін арттыруды зерттеп, Қазақстанда өсімдіктер физиологиясы ғылыми мектебін қалыптастырған академик, биология ғылымдарының докторы, профессор Фатима Полымбетованың ғылыми мақалалары, әріптестері мен ізбасар шәкірттерінің, туған-туыстарының естеліктері, мұрағат құжаттары, әржылдардағы суреттер топтамасы ұсынылған.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.