Әке арманы. Кітап 1. Мақалалар

Бұл кітапқа автор Жиенхан Қаманайұлының әр жылдары әртүрлі баспасөз беттерінде жарық көрген мақалалары топтастырылған.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ол өткір сыни мақалаларымен ерекшеленсе, кейінгі кезде «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға назар аударған. Ұмыт бола бастаған асықойынының түрлерін насихаттап, асықтан түрлі бұйымдар жасап, қазақтың қасиетті мұрасы - қамшының түрлерін зерттеп, өз қолымен 20-дан астам түрін жасады. Бұл жинаққа автордың осы жайлы көрнекті мақалалары, сұхбаттар және ол туралы өзге журналистердің жазған еңбектері еніп отыр.

Кітап көпшілік қауымға арналған.