«Қуаныш себеті» қайырымдылық науқаны

5 ақпаннан бастап балалар әдебиеті бөлімінде жыл сайынғы «Қуаныш себеті» қайрымдылық науқан жарияланды.

Науқан «Отбасының сиқырлы жылуы» әлеуметтік жобаның аясында өтеді. Кез келген адам қатысушы бола алады. Іс-шараның мақсаты: көп балалы отбасымен мейірімділік, қайырымдылық, жылулықпен бөлісу. Қатысу үшін қажет заттар: балаларға арналған кітаптар, кеңсе заттар, шығармашылық жиынтықтар, пазлдар, бояулар, ойыншықтар және балалар киімдері. Науқан наурыз айының соңына дейін жалғасады. 15 ақпанда «Үлкен жүрек» «Ашық есік» күні және 2 сәуірде Халықаралық балалар кітабы күні науқан кезінде жиналған барлық сыйлықтар аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балаларына таратылады.