«Әженің ертегілері» аудио ертегілер циклі

«Әженің ертегілері» аудио ертегілер циклі «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында ұйымдастырылған. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарының орындауында әлем халықтарының ертегілері мен авторлық ертегілер оқырмандарға ұсынылады.

«Әженің ертегілері» - бұл баспа кітаптарына керемет балама, өйткені аудио ертегілер балаларға ғана емес, ата-аналарға да өте ыңғайлы. Бала ертегіні тыңдап отырғанда, сіз өзіңізге қажетті шаруаларды жасауға уақыт таба аласыз, ал бала уақытты тиімді өткізеді. Біздің ертегілерді аптасына екі рет - сейсенбі және жұма сайын әлеуметтік желілердегі парақшаларда тыңдауға болады.