«30 тәулік – 30 кітап» акция

Кітапханамыздың «Коронотерапия» жобасының шеңберінде 2020 жылғы 18 наурыздан бастап «30 тәулік – 30 кітап» акциясын жариялаймыз!

Баршаңызды үйде отырып интернет арқылы кітап оқу мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз!

«30 тәулік - 30 кітап» жобасы аясында күн сайын Сіздерді жерлес ақын-жазушылар және зиялы қауым өкілдерімен таныстыратын боламыз! Олардың кітаптарын Сіз кітапханамыздың ресми ресурстарында оқи аласыздар! Кітапханамыздың парақшасынан көз жазбаңыз!