«Кітапханаға кітап сыйла! Подари библиотеке книгу!» акциясы

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы басталды. Шара 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Акция 2020 жылдың 13 ақпаны мен 13 наурызы аралығында жалғасады. Мақсаты - кітап қорын толықтыру. Акция аясында біз сіздерден әр түрлі жанрдағы, алуан тақырыпта жазылған кітаптар күтеміз.

Кітап қорына жыртылмаған, парақтары түгел, 2000 жылдан бері қарайғы уақытта баспадан шыққан кітаптар қабылданады.

Сіз сыйлаған кітап ортақ қазынамызды толықтырып, әр оқырманға қолжетімді болады!