«Балалар коронавирусқа қарсы» арт- акциясы

Құрметті достар, балалар және ата-аналар!

Әлемде болып жатқан коронавирус пандемиясы, сондай-ақ, басқа да індеттерге байланысты қиындықтардың алдын алу мақсатында барлық адамдарға моральдық тұрғыда жәрдем бергіміз келеді. Ол үшін балалар сіздерден қол ұшын созуларыңызды өтінеміз. Өздерінің қиялдарыңмен, перзенттік ниеттеріңмен, ақ пейілдеріңмен ересек адамдардың коронавирусты және басқа да сырқаттарды жеңіп шығуына көмектесе алатындарыңды еске саламыз. Сендерге үміт арта отыра, бұл игі іс қолдарыңнан келетініне сеніміміз мол. Мұны қалай істейтіндеріңді білесіңдер ме? Өздерің салған сурет арқылы індет пен вирустың жойылуына себепкер боласыңдар.

Балалар, талантыңа, қиялыңа, күшіңе сенімді болсаңдар: «Балалар коронавирусқа қарсы» арт- акциясы дәл сендерге арналады.

Акция 2020 жылы 15 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді. Акцияға 3 пен18 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Суреттерді 87059941986 WhatsApp номеріне жіберіңіздер! Барлық суреттер С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.