«Балалар оқиды» атты инста-акциясы

19 қараша күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі «Зерде» клубының отырысында «Найзатас» журналымен бірлесе отырып «Балалар оқиды» атты инста-акциясын бастауда. Акцияның мақсаты – Павлодар облысының жазушылары мен ақындарының шығармашылығын насихаттау, пайдаланушылардың назарын аударып, кітапхана рейтінгін көтеру.

Акция барысында журналисттер оқырмандардың қатысуымен «Найзатас» журналында бұрын басылып шыққан және өздері шығарған өлеңдерді айтып жатқан бейнероликтер жазады. Бейнероликтер әлеуметтік желілерге жүктеледі. Акцияға қатысуға ниет білдірушілерді балалар әдебиеті бөлімімен алдын – ала хабарласуларыңызды сұраймыз. Акция 2019 жылдың наурыз айына дейін жалғасады.