«ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУ» АКЦИЯСЫ

Мамыр мен тамыз айлары аралығында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада барлық ниет білдірушілерге «Электронды қызметтерді алу» акциясы өткізілді. Кітапханашылар ЭЦҚ көмегімен мемлекеттік қызметті алуға, Күнделік.kz порталымен жұмыс істеуге, медициналық мекемелерге онлайн режимінде жазылуға қажетті негізгі дағдыларды көрсетіп шықты.

ЭЦҚ мемлекеттік қызметтерді аптасына жеті күн және тәулік бойы алып отыруға мүмкіндік береді. Ішіндегі жиі көрсетілетін қызмет – мекен-жай анықтамасын алу. «Күнделік» жүйесінің ресми парақшасында ата-аналар мен мектеп оқушыларының өз бағаларын, үй жұмыстарын, сабақ кестесін, мектеп жаңалықтарын және басқа да маңызды ақпаратты алуға мүмкіндігі бар. Медициналық мекемелерге онлайн режимінде жазылу қолданушыларға үйден шықпай-ақ қызметкерлердің жұмыс уақыты туралы ақпаратты білуге және емханаға бармай дәрігер қабылдауына жазылуға мүмкіндік береді. 
Аталмыш акцияға кітапхана оқырмандары, мектеп оқушыларының ата-аналары және басқа да азаматтар қатысты.