«Кітапхана достары» - онлайн-сұхбаты

Коронавирус пен төтенше жағдай біздің жұмысымызға және өмір салтымызға өз түзетулерін енгізді.

Әлеуметтік институт ретінде көп ғасырлық тарихы бар кітапханалар да, жалпақ жұртпен қатар осы қиын кезеңді бастан кешуде. Біз кітапхана ұжымы, оқырмандармен «бетпе-бет» қарым-қатынас жасаудан қалсақ та, онлайн форматта жұмысымызды жалғастырудамыз. Жақын арада карантин мерзімі аяқталып, бәрі бұрынғы қалпына түседі деген үміттеміз.

Ал әзірге біз оқырмандарымызбен пікірлесу өткізуді жөн көрдік. Әлбетте, сіздер өз тарапыңыздан кез-келген сұхбат есепті, сұрақтарға жауап берулеріңіз қажет. Әр оқырман өз жауабын бейнекөрініс түсіріп немесе пост жазу арқылы бізге жолдайды.

Сонымен біздің сұрақтар:
1. Өзіңіз туралы қысқаша ақпарат беріңіз.
2. Оқшаулау кезінде қандай кітап оқудасыз?
3. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымына деген тілегіңіз және ұсынысыңыз.

Бейнені поштаға: a7gul67@mail.ru және WhatsApp арқылы +7-777-450-65-89 нөміріне (Асемгуль Рамазановна) жіберіңіз