«Кітапхана туралы үздік эссе» байқауы

Құрметті оқырмандары! С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана 125 жылдығына орай «Кітапхана туралы үздік эссе» байқауын жариялайды.

Байқаудың мақсаты: адам өміріндегі кітапхананың рөлін анықтау, оның «адам-кітапхана-оқырман» қарым-қатынас жүйесіндегі орнын көрсету.
Номинацияларға ұсынылатын үміткерлердің жас санаттары:
15 жастан 25 жасқа дейінгі оқырмандар;
26 жастан асқан оқырмандар.

Конкурстық іріктеу 2021 жылғы 15 ақпаннан 10 сәуірге дейін жүргізіледі.
Байқау қорытындысы 2021 жылдың 20 сәуірінде шығарылады.
Конкурсқа жұмыстарды қабылдау «Эссе конкурсы» деген белгісі бар metod_pavlib@mail.ru электрондық пошта мекенжайы бойынша жүзеге асырылады.

Байқау нәтижелері С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың сайтында жарияланады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні өткізіледі.
Қазылар алқасының ең жоғары бағасына ие болған байқау жұмыстары кітапхана сайтында, кәсіби мерзімді баспасөзде, Павлодар облысының БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарияланады.

Конкурс туралы Ережемен осында танысуға болады.