Көркем аудармалар байқауы

Көркем аударма байқауы
туралы ережесі

1. Жалпы ережелер

1.1. С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жазушы, ақын, журналист Сүлеймен Баязитовтың прозалық шығармаларының көркем аудармаларына байқау жариялайды.
1.2. Байқауға
• Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалы
• «Павлодар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы қолдау көрсетеді
1.3. Осы ереже көркем байқауды өткізу тәртібін және шарттарын анықтайды.

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Байқаудың мақсаты: Сүлеймен Баязитовтың шығармашылығын насихаттау және жеке тұлғасына назар аудару
2.2. Байқаудың міндеттері:
• Орыс тілді оқырмандардың С.Баязитов шығармашылығымен танысуына, зерделеуіне жағдай жасау;
• Әдеби шығармалардағы көркем аударма дәстүрлерін сақтау және дамыту

3. Байқауды ұйымдастыру тәртібі

3.1. Байқауға авторлық аударма болып табылатын орыс тіліндегі шығарма ұсынылады.
3.2. Байқауға бұрын баспа басылымдарында немесе электронды түрде жарияланбаған мәтіндер қабылданады.
3.3. Байқауға үміткердің өзі тәжімалаған аудармалары ғана қатыса алады. Аударма плагиат болған жағдайда байқауға қатыстырылмайды.
3.4. Байқауға қатысушыларға ұйымдастырушы тарап аударма жасау үшін әңгімелер мен повестерден үзінділер ұсынады. Аудармаға арналған мәтіндер Қосымшада көрсетілген.
3.5. Байқауға 17-30 жас аралығындағы шығармашылығын енді бастаған аудармашылар, филологтар және көркем әдебиетке, мемлекеттік тілді үйренуге құмар жандар қатыса алады.
3.6. Байқауға қатысу үшін еркін нысанда толық аты-жөні, туған жылы, оқу/жұмыс орны, лауазымы, телефон нөмірі (WhatsApp, Telegram) көрсетілген өтініш беріледі.
3.7. Аударма Word файлда, Times New Roman шрифті, 14 кегль, бір жол аралығы

4. Байқауды өткізу мерзімдері

4.1. Байқау 2022 жылдың 13 қыркүйегі мен 2022 жылдың 13 қарашасы аралығында өтеді
4.2. Байқауға жұмыстар 2022 жылдың 12 қарашасына дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген жұмыстар байқауға жіберілмейді
4.3. Жұмыстарды oku_ortalugy.ounb@mail.ru электрондық пошта арқылы жолдау керек.
4.4. Байқау аясында 2022 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 16:00-де көркем аудармамен айналысатын авторлардың онлайн дәрісі өтеді. Дәріске сілтеме 2022 жылдың 15 қыркүйегінде әлеуметтік желілерде жарияланады.
4.5. Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат 2022 жылдың 14 қарашасында әлеуметтік желілерде жарияланады. Байқау жеңімпаздарының жұмыстары С.Баязитовтың шығармашылығы бойынша жазылатын әдеби диктантта қолданылады.
4.6. Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау 2022 жылдың 2 желтоқсанында Сүлеймен Баязитовты шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Ақынның туған күні» іс-шаралар аясында өтеді.
4.7. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады. Жеңімпаздар дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады

5. Байқау үйлестірушісі

Аулбаева Әсемгүл Рамазанқызы, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінің басшысы
E-mail: oku_ortalygy.ounb@mail.ru
Тел.: 8(718)2-62-20-28; 87079210867

ҚОСЫМША

1. Баязитов Сүлеймен. Тасқын: әңгіме //Бала Мәшһүр: өлеңдер, әңгімелер.-Павлодар:ЭКО, 2019.- 142-144 б.
2. Баязитов Сүлеймен. Түс: әңгіме //Қызылтау-Желтау аясы.-Павлодар:ЭКО, 2010.- 14-15 б.
3. Баязитов Сүлеймен. Нағашым ауылында: естелік-эссе // Қызылтау-Желтау аясы.-Павлодар:ЭКО, 2010.- 59-62 б.

 Аудармаға арналған мәтіндерді www.e-kitap.kz сайтынан жүктеп алуға болады