«Молодежная book- симпатия» акциясы

14 қаңтар күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде Жастар жылына арналған іс - шаралар аясында «Жастар book-симпатия» акциясы бастау алды.

Акцияға 15-21 жас аралығындағы кітапхана оқырмандары қатысады. Мақсаты: оқырмандармен бірге ең үздік кітаптарды: самый читаемый автор, самый увлекательный сюжет, книга- разочарование, читатели советуют номинациялары бойынша анықтау.

Акция қатысушылары кітапхана қорынан өздерінің сүйікті кітаптарын тауып, олар туралы қысқа пікір жазады, кейін көрмеде қалдырылады, барлық тілек білдірушілер оны оқи алады.

Акция айдың соңына дейін жалғасады. Кітапхана оқырмандарына сауалнама жүргізу нәтижесінде жасалған «Год без скучных книг» көрме-панорамасы акцияның қорытындысы болады. Аталған көрмеде ондаған жарқын есімдер, жаңа шығармалар мен кітаптар ұсынылады.