«Облыстық кітапхананың үздік оқырманы 2022» жастар байқауы

ЕРЕЖЕ

1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: жастар арасында кітап оқуды насихаттау, маңыздылығын арттыру.

2. Байқаудың ұйымдастырушылары: С. Торайғыров атындағы ОӘҒК.

3. Байқаудың тақырыбы: Оқитын Павлодар.

4. Байқауға қатысушылар: 16-35 жас аралығындағы барлық оқырмандар.

5. Байқауды өткізу мерзімі: 2022 жылғы 1 наурыздан 15 желтоқсанға дейін.

6. Байқауды өткізу кезеңдері:
I кезең - 01.03.2022 ж. бастап ОӘҒК тіркеу секторында өтінімдерді қабылдау;
II кезең - 01.03.2022 - 14.12.2022 аралығында қатысушылар облыстық кітапхана қорынан кітап оқиды;
III кезең - 15.03.2022 электронды кітап беру станциясының деректері бойынша оқылған кітаптардың санын есептеу; жеңімпазды салтанатты марапаттау рәсімі.

7. Сайыскерлерге қойылатын талаптар:
С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың оқырманы болуы керек;
оқылған кітаптар ОӘҒК қорынан болуы керек.

8. Конкурсты бағалау критерийлері:
- қатысушы жас санатына сәйкес келуі тиіс;
- 1.03.22 - 14.12.22 аралығында РАБИС бағдарламасында оқылған кітаптар саны есептеледі;
- оқылған кітаптардың мазмұнын білу (әңгімелесу).

9. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау:
Қазылар алқасын ақындар, жазушылар, кітапхана қызметкерлері құрайды.
1.03.22 - 14.12.22 аралығында 100 кітапты оқыған бірінші оқырман жеңімпаз болады.
Жеңімпазға «Облыстық кітапхананың үздік оқырманы – 2022» атағы, диплом және бас жүлде – велосипед беріледі.
Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау 15.12.2022 С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өтеді. (Академик Сәтбаев көшесі, 104).

11. Байқау кураторлары:
ОӘҒК жастар бағдарламаларын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы - Таженова Марал Аблайхановна.

Байланыс телефоны: 87006863199
E-mail: maraltaj74@mail.ru