«Отанға қызмет етемін!» атты әзіл-сықақ әңгімелер байқауы

Қымбатты достар, қазіргі уақытта ғаламдық желіде кітап оқуға қатысты көптеген ұсыныстар бар. Ал, Сіз өзіңіз кітап жазып көргіңіз келе ме? Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні қарсаңында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Отанға қызмет етемін!» атты әзіл-сықақ әңгімелер байқауын жариялайды, ең жақсылары электронды жинаққа енеді. Байқауға қандай да болсын әскерде қызмет еткендер (Қазақстан, Кеңес және т.б.) қатысуға рұқсат етіледі. Әңгіменің көлемі A4 беттен аспауы керек (қазақ, орыс тілдерінде).

Жобаға қатысу үшін:
1) әскери қызмет кезінде болған қызықты оқиғаны жазып, мәтінді Word форматында;
2) әскердегі фотосуреттерді жеке файлмен, 3 данадан көп емес;
3) автор туралы мәліметтер - аты-жөні, демобилизация кезіндегі атағы, қызмет еткен жылдары, әскер түрі, аймақ, бөлім нөмірі;
4) байланыс телефоны, электрондық пошта

Maraltaj74@mail.ru, WhatsApp 87059870189 жіберіңіз