БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ «ЖЕҢІС ҚЫРАНДАРЫ/ЛИЦА ПОБЕДЫ»

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімі, Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 75 – жылдығына арналған облыстық фотобайқау жариялайды

Фотобайқаудың мақсаты: Отанға, оның тарихи өткені мен бүгініне деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін ояту, патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету.

Фотобайқаудың міндеттері: қазіргі өмірдегі тарихты сақтау мәселесін фотосурет арқылы көрсету, жастар мен аға буынның құндылық бағдарларын жақындастыру, сабақтастық пен дәстүрді сақтау; Отанға деген оң көзқарас пен сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарын шығармашылық қызметке тарту; азаматтық белсенділікті ынталандыру; қазіргі заманғы Отан мүдделерін қорғаушының позитивті имиджін қалыптастыру.

Фотоконкурстың тақырыбы: қатысушыларды «Жеңіс қырандары/ Лица Победы» тақырыбында сурет түсіруге шақырады. Сурет Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің ұлттық, рухани, патриоттық және тарихи құндылығы ретінде маңыздылығын куәландыруы керек, жеке суреттер арқылы Жеңіс тақырыбына жеке көзқарасын білдіру, ұрпақтардың қазіргі таңдағы байланысын көрсетуі тиіс.

Номинациялар:
1. «Жеңімпаздар». Номинацияда қазіргі авторлық шығармашылық жұмыстар — Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоршаудағы адамдардың, фашистік лагерь тұтқындарының, соғыс балаларының фотосуреттері қарастырылады.
2. «Жеңіс Мұрагерлері». Номинацияда авторлық шығармашылық жұмыстар қабылданады - біздің замандастарымыздың - Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтарының фотосуреттері, Ұлы Отан соғысына арналған патриоттық қозғалыстар мен іс-шараларға қатысушылардың фотосуреттері. Сондай - ақ, Отан қорғаушылар - офицерлердің, мерзімді қызметтегі сарбаздардың, жергілікті соғыстарға қатысушылардың фотосуреттері және конкурсқа қатысушылардың пікірі бойынша "Жеңіс мұрагерлері" номинациясын көрсететін басқа да фотосуреттер.
3. «Майдан суреті» (конкурстан тыс). Номинация 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде жасалған отбасылық альбомдардың фотосуреттерін, сондай-ақ соғыстан кейінгі уақытта жасалған соғысқа қатысушылардың фотосуреттерін біріктіреді.

Бір қатысушыдан әр номинацияда екі жұмыс қабылданады.

Фотобайқауды өткізу мерзімі:
2020 жылғы 3 ақпан - 20 сәуір - өтінімдерді қабылдау, қатысушыларды тіркеу, Фото жұмыстарды қабылдау;
2020 жылғы 20-30 сәуір - қазылар алқасының жұмыстарын қарау, интернет-дауыс беру, қорытынды шығару, жеңімпаздарды анықтау;
2020 жылғы мамыр - жеңімпаздарды марапаттау, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада облыстық мерекелік іс-шаралар шеңберінде «Жеңіс қырандары/ Лица Победы» фотокөрмесі.

Байқауға қатысу үшін жіберуге тиісті құжаттар:
- қатысуға өтінім,
- байқау жұмыстарын кітапхана сайтына орналастыруға келісім,
- JPG форматындағы электронды түрдегі, кейіннен А2 форматындағы көрмеге басып шығаруға жарамды фотожұмыстар. Әрбір фотосуретте автор және атауы болуы тиіс.

Материалдар қабылданады:
- Мына электрондық мекенжай бойынша: malish9.2@mail.ru
хат тақырыбы: "Жеңіс қырандары/Лица Победы" деп жазылуы тиіс.

Фотоконкурстың ұйымдастырушылары:
- Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы;
- «С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының» балалар әдебиеті бөлімі.

Конкурсқа қатысуға байланысты барлық сұрақтар мына телефон арқылы қабылданады: 8 (7182) 61-87-11 және e-mail: malish9.2@mail.ru

 

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ «ЖЕҢІС ҚЫРАНДАРЫ/ЛИЦА ПОБЕДЫ»

Қатысуға өтінім «Жеңіс қырандары/Лица Победы» атты облыстық фотобайқау