НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Үздік үй кітапханасы байқауы
Құрметті оқырмандар! С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы «Үздік үй кітапханасы» желілік байқауын» жариялайды!
Ол үшін сіз 2020 жылдың 18-30 сәуірі аралығында үйіңіздегі жеке кітапханаңызды суретке немесе бейнеоролик етіп түсіріп, кітаптар топтамасы туралы қызықты пост жазып (INSTAGRAM, FACEBOOK, VK); әлеуметтік желілерде жариялауыңыз керек.
Қойылған талап бойынша байқауға кемінде 100 кітаптық үй кітапханалары мен коллекциялары бар үміткерлер қатыса алады. Сонымен қатар міндетті түрде #үйкітапханасыпвл, #облыстықкітапхана хэштегтерін көрсетуге тиістісіз.
Сондай-ақ қаралымдар мен лүпілдер туралы скриншоттарды ұйымдастырушыларға ұсынуыңыз қажет.
Байқау жеңімпаздары мына номинациялар бойынша анықталады:
- «Ең үлкен үй кітапханасы»;
- «Үй кітапханасындағы ең сирек кітап»;
- «Тығыз, әрі тиімді» (үй кітапханасын пәтерде тиімді орналастырғаны үшін)»
Жеңімпаздардың есімі 2020 жылдың 1 мамырына дейін әлеуметтік желілерде жинаған лүпіл саны бойынша анықталады. Байқау материалдарының қаралымы 200-ден кем болмауы керек.
Анықтама үшін телефондар:
+7-777-934-03-87 - Баршагүл Байжанова;
+7-777-867-21-47 - Марина Гончарова.
Құрметті оқырман, сәттілік серік болсын сізге!