Қымбатты отандастар!

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы сіздерді Қазақстан халқының бiрлiгi күнiмен шын жүректен құттықтайды.

Қазақстан халқының бiрлiгi күнi бүкiлхалықтық мерекесі бiрыңғай патриоттық ұмтылыста барлық қазақстандықтарды бiрiктiредi. Бiздiң күшiмiз — бiрлiкте! Тек бәрiмiз бiрге Қазақстанымызды бұдан да гүлдендiре және қуатты ете түсемiз.

Сiздерге мықты денсаулық, бақыт, игiлiк және барлық iстерiңiз бен бастамаларыңызға сәттiлiк тiлеймiз! Қоғамымызда қазіргі кезде қолға алынып жатқан жүйелі жаңғыру үрдістері бірлігіміздің нығая түсуіне ықпал етіп, жаңа белестерді бағындыруымызға жол ашады деп сенеміз.

Ізгі ниетпен: С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы