«2018 жыл бойынша Ұлттық баяндаманы талқылау»

16 мамыр күні облыстық кітапханада 2018 жыл бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы Ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсыныстары талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық баяндаманы талқылау барысында кітапхана басшысының орынбасары Б. Байжанова Ұлттық баяндаманың негізгі бағыттарына тоқталып, әр тараудың мазмұнын түсіндірді. Қатысушылар құжаттың маңыздылығын талқылап, өткен жылы атқарылған жұмыстармен танысты, сондай-ақ мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.
Кітапхана мамандары баяндамаға қатысты өз пікірлерін ортаға салып, жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатқа азаматтық қоғамды тарту мәселелеріне арналған бөлімді ерекше атап өтті.