ҚҰМДЫ ГРАФИКА

Шығармашылық пен қиял ұшуының екі сағаты! Светлана Кравченконың «Құмды графика» атты шеберлік сағаты түрлі жастағы қала тұрғындарының басын қосты.  Шығармашылыққа деген қызығушылықтары, өз қолдарымен әдемі нәрсе жасаулары, өзін суретші ретінде сезінулері оларды бір ортада тоғыстырды!

2 жыл бойы «ART-STUDIO» жастар жобасы аясында Креативті шығармашылық орталығы қызықты шеберлік сағаттарын ұйымдастырып келеді.

Бүгін бізге № 4 арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары, «Жас ұрпақ» үйінің тәрбиеленушілері, кітапхананың жас және ересек оқырмандары келді. Олардың не істегенін біздің роликтен көруге болады! Достар, біздің афишаларымызды бақылап, «ART-STUDIO» жобасының шеберлік сағаттарына қатысыңыз. Біз сіздерді күтеміз!