"Шетелде оқу" атты ақпараттық сессия

Қарашаның 23-нші жұлдызында С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың "American Corner" орталығында "Шетелде оқу: бакалавриат және магистратура университеттеріне түсу" атты ақпараттық сессия өтті. Fullbrigh бағдарламасының қатысушысы Эмили Рен шетелдік университеттерге түсуге қойылатын негізгі талаптарды талқылады, сондай-ақ өзінің шетел жоғары орынларына түсу және оқу тәжірибесімен бөлісті.

Сессияға 40-тан астам адам тыңдарман болды: 30-дан астам адам онлайн трансляция арқылы қосылса, 10-нан астам адам оффлайн қатысты. Сессия қатысушылары өз өтінімдерін басқалардан қалай ерекшелеу керектігін, қаржылық көмекке қалай жүгіну керектігін біліп алды, EducationUSA серверімен танысып, бірнеше мәдени алмасу бағдарламаларын қарастырды.


Кездесу соңында қатысушылар оқуға түсу туралы өздерін толғандыратын барлық сұрақтарын қойып, өз әсерлерімен бөлісті. Бұл сессияның эфирді @american_corner_pavlodar инстаграм парақшасында сақтпулы тұр.