Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен майдангер ұрпақтары!

Сіздерді қасиетті де ұлы мереке – Жеңістің 75-жылдық мерейлі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі. Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары адам төзгісіз қиыншылықтарды Сіздер қайыспай көтеріп, елдің қамал-қорғаны болдыңыздар. Сіздер сияқты жеңімпаз ұрпақтың ерен ерлігі, жалындаған жігері, өршіл рухы, Отанымыздың тәуелсіздігі жолындағы халқымыздың құрыштай берік бірлігі - бізге әрқашанда үлгі болып рухтандырады.

Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы. Сонымен қатар, бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі де – осынау мерекенің жемісі. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ашық аспан, нұрлы күн мен тыныш түн, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!

Құрметпен: С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана ұжымы