«Абай әр үйдің төрінде» акциясы

Облыстық кітапхананың бастауымен іске асып отырған «Абай әр үйдің төрінде» акциясы - Халыққа қызмет көрсету орталығында (ЦОН) жалғасты. Ұлы ақынның өлеңдері жатқа айтылып, «Қара сөздері» жарыса оқылды. Белсенділік көрсеткен қатысушыларға  арнайы сыйлық ретінде Абайдың кітабы табыс етілді. Орыс және қазақ тілінде жарық көрген Абай қара сөздерін кітапхана қызметкерлері: «Үйіңіздің төрінде тұрсын!», - деген ниетпен таратып берді. Жас ерекшелігіне шектеу қойылмай жас-кәрі түгелдей елге белгілі «Ғылым таппай мақтанба», «Жазғытұры» сияқты өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен үзінділер келтірілді.  Қатысушылар «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін құйқылжыта шырқап берді. Бір қуантарлығы, аталған акция жұртшылық арасында үлкен қызығушылық тудыруда.