Абай күні

Бүгін ақпанның 18 күні қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы Абайдың 175 жылдық мерейтойын тойлау аясында Павлодар қаласындағы орта мектептерде «Абай күні» өтті. С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері №26 жалпы орта білім беру мектебінде іс-шара өткізді. Оқушылар назарына кітапхана қорындағы әдебиеттерге шолу ұсынылды және ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған викторина өткізілді.