«Абай жолы» жобасы

15 тамызда Павлодардан Нұр-Сұлтанға ерекше электричка жолға шықты. Оның жолаушыларының ішінде Павлодар облысында танымал жыршы, Абай шығармашылығын насихаттаушы Даниял Әсенов, Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әншісі Жанболат Байсолтан және С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері бар. Пойыз жол жүріп бара жатқанда жолаушылар Абайдың шығармаларының көркем оқылуын, әнге салынған өлеңдерін тыңдап, әдеби викториналарға, ақын шығармашылығы туралы сайыстарға қатысты. Қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай жолы» жобасын жүзеге асыру «Қала маңындағы жолаушы тасымалдау» АҚ қолдауының арқасында мүмкін болды. Жоба #Аbai175 челленжіне қоғамның назарын аудару үшін жүзеге асырылуда.