Абайдың рухани өсиеттері

Бүгін С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жанынан құрылған «Классиктер мен замандастар» клубы мүшелерінің қатысуымен әдеби  кездесу өтті. Кездесу Абай Құнанбаевтың рухани өсиеттері туралы еркін пікір алмасу форматында ұйымдастырылды.

Қатысушылар Ұлы Абайдың «Қара сөздеріне» өзіндік көзқарасын айтты. Ақынның философиялық мұрасының көптеген табынушылары үшін ол «.. жұмбақ адам» болып қала береді. Өйткені, Абайды қайталап оқи отырып, әрбір адам жаңа мағына табады.

Кітапхана қызметкерлері «Абай әлемі» кітап көрмесіне шолу әзірлеп, қатысушыларды «Бейнелеу өнеріндегі Абай әлемі» және «Абай әлемі жас суретшілер көзімен» кітаптарымен таныстырды.

Шара «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Алдағы уақытта мұндай кездесулер қала мектеп оқушыларының қатысуымен жалғасын табады деп жоспарлануда.