«Абай – дана, Абай – дара қазақта!»

4 желтоқсан күні техника-экономикалық колледжімен бірлесе қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, композиторы, философы Абай Құнанбайұлының 175- жылдығына арналған көшпелі іс-шара өтті.

Жүргізушілер Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы айтты. Шара барысында «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның хаты» әндері тыңдалды. Колледж студенттері домбыра мен қобызда күй тартып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Шара соңында Абайдың шығармашылығы мен өмірі туралы викториналық сұрақтар қойылды. Студенттер қызығушылық танытып, сұрақтарға жауап берді. Белсенді қатысушылар құрмет грамоталарымен марапатталды.