«Абай Құнанбаев. Ғасырларға жалғасқан даналық»

6 қараша күні С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана зағип және көру қабілеті төмен балаларға арналған «Облыстық арнайы мектеп-интернат» ММ-ң оқушылары және ұстаздарымен кездесу өткізді. Іс-шара ұлы ақын, философ Абай Құнанбаевтың 175 – жылдығы қарсаңына орай өткізілді.

Кездесу барысында қатысушылар ақынның шығармашылығы туралы білімдерін тереңдетіп толықтырды, Абайдың қазақ тіліне аударған  А.Пушкин, И.Крылов, М.Лермонтов ақындардың өлеңдерін еске алып тыңдап шықты.

Абайдың өлеңдері мен оның «Қара сөздер» атты шығармасынан үзінділерді  мектеп оқушылары Мусина Василя, Гейн Иван, Алпысбай Алдияр оқыды. Кешті түрлендіріп көптеген ақпараттармен таныстырған слайдтар, бейнесюжеттер және облыстық кітапхананың қорынан алынған кітаптар көрмесі болды.