Абай ескерткіші ашылды!

Бүгін өңір тарихы үшін айтулы күн. Қазақтың кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының құрметіне облыс орталығында ақынның ескерткіші ашылды. Салтанатты ашылу шарасынан соң С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада мәртебелі меймандар өңірдің шығармашыл жастарымен кездесті.

Шараға облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов, мемлекет және қоғам қайраткері, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Абайтанушы Ғарифолла Есім және Қазақстанның еңбек сіңірген артисті, күміс көмей әнші Шахимардан Әбілев қатысты. Мәртебелі меймандар жастармен емен-жарқын сұхбаттасып, Абай тағылымы және жас ұрпақ туралы келелі ойларын ортаға салды. Өңір жастарының атынан ақын Абзал Қабдраш, журналист Кристина Кохно, сатирик ақын Алпысбай Хонж және тағы да басқалар жиынға белсене қатысты.