Абай күні кеңінен насихатталды!

Бүгін, яғни 10 тамыз күні ақын, ағартушы, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының дүниеге келген күні. Ұлы ақынның шығармашылығын насихаттау мақсатында облыстық кітапхана бірқатар әдеби шараларды ұйымдастырды. Күні бойы әр сағат сайын кітапхананың әлеуметтік желілерінде түрлі форматтағы шаралар оқырмандарға ұсынылды.  Өңірде орын алған карантиндік шектеулерді ескере отыра, шаралар онлайн режимінде өткізілді. Алдымен «Асыл сөзді іздесең...»  атуымен өлең оқу марафоны көрермендерге жол тартса, кейін түрлі онлайн көрмелер, шолулар көрсетілді.