«Әдеби жарыс» желілік жобасы

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана облыстағы басқа да кітапханалармен бірлесіп «Әдеби жарыс» атты желілік жобаны іске асырды. Жоба шетелдік және отандық әдебиеттің шығармаларына немқұрайлы қарамайтын, өткен және қазіргі заман ақындары мен жазушыларының өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытатын алыстағы пайдаланушыларға арналған және жарыстың ең басты талабы - қатаң спорттық ережелерге бағыну мен ұстану болды. Ойын-викторина 10 наурыз күні басталып барша көрерменнің көңілінен шықты. Күн сайын екі тайм өткізіліп әдебиет бойынша білімділікті тексеретін екі қызықты сұрақ қойылды. Ойын барысында 70 тайм, 30 дәйексөз бен жұмбақтар жарияланды.

Біздің ойын-викторинамыздың жеңімпаздары!
Байгелова Қаламқас-1 орын
Ерасыл Алтайұлы- 2 орын
Токанова Раушан – 3 орын

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Осындай біздің сайтқа жазылушыларымыз бен жобаның белсенді қатысушыларына алғысымызды білдіреміз. Өздеріңіздің бізге күш-жігер беріп, ойынның әр уақытында сізбен бірге алаңға шығып, осы қызықты ойындарды өткізуге ынталандырдыңыздар.
Мұндай интерактивті желілік жобалар пайдаланушыларды қызықтырып олардың кері байланыс жасауына ықпал беріп, өзінің желідегі "өмірін" жалғастыруы керемет сезім сыйлады!