Жасөспірімдердің әкімшілік жауапкершілігі

26 қазанда облыстық кітапханада Павлодар қаласы Орталық ІІО ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы, ювеналды полиция майоры Әсия Жасланқызы Әлкееваның, әділет капитаны, ҚР ІІМ Оқу орталығының оқытушысы Асхат Серікұлы Балтабаевтың және Жоғары басқару колледжі мен Жоғары и нновациялық көпсалалы колледж оқушыларының қатысуымен «Жасөспірімдердің әкімшілік жауапкершілігі» тақырыбында құқықтық сағат өтті.

Әңгімелесу барысында оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу мақсатында «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу» әлеуметтік ролигі көрсетіліп, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі мәселелері қаралды.