Ағылшын сөздерін жазудың үздік білгірі

Ағылшын тілі орфографиясының үздік білгірін анықтау мақсатында облыс колледждері мен университеттерінің 35-тен астам студенті Павлодар қаласының Американдық бұрышында жиналды. Қазылар алқасының құрамына тіл тасымалдаушылары мен АҚШ-тың гранттық бағдарламаларының түлектері кірді. Спикер болып ағылшын тілі бойынша Фулбрайт ассистент Данг Дуонг сөз сөйледі; төрешілер ретінде TEA түлегі, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы Бахыт Амирова; FLEX түлегі және Лингвоград мектебінің оқытушысы Елена Загорулина және Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы Адам Даурбеков қатысты.

Бірінші турда 26 қатысушы жеңіске жетті және олардың барлығының дайындығы жоғары деңгейді болды. Келесі 4 раундты ең нағыз 8 "ағылшынтанушылар" ғана артқа тастап, финалға өтті. Ешкім оңай берілгісі келмеді және барлық финалистер сөздерді дұрыс айтып шықты. Алайда, ұзақ шайқастан кейін Павлодардың үздік спеллері атағы Б. Ахметов атындағы Павлодар Жоғары педагогикалық колледжінің жоғары курс студенті Айдана Рахметоваға бұйырды. Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Ақсұңқар Атейхан екінші орынды, ал үшінші орынды Павлодар жоғары Басқару колледжінің екінші курс студенті Илья Чегодаев иеленді. Жеңімпазға 30000 теңгеге, ал жүлдегерлерге 20000 теңге сомаға сертификат тапсырылды.

Сонымен қатар, барлық қатысушылар да белсенді қатысқандары үшін сертификаттар мен ұмытылмас әсер алды.

Spelling Bee - бұл ағылшын тілінің деңгейін бағалауға, одан әрі дамыту мен ағылшын тілі және Америка мәдениетіне ортақ қызығушылық танытатын пікірлестермен кездесуге берілетін бірегей мүмкіндік.

Жеңімпаздарға наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін алдағы Республикалық Spelling Bee байқауында сәттілік тілейміз.