«Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының ұлы ұстазы» атты ақпараттық сағат

6 қазан күні №7арнайы мектеп-интернатында С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ халқының ұлы ұстазы» атты ақпараттық сағат өткізді.

Кездесу барысында кітапханашылар мектеп-интернатының оқушыларына ақын, түркітанушы, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған шолу жасады. Сонымер қатар облыстық кітапхана бедерлі-нүктелі қаріпінде басып шығарған Ахмет Байтұрсынұлының «Өлеңдер жинағы» кітабын таныстырды.

Сондай-ақ кітапханашылар қатысушыларға кітаптағы QR код арқылы басылымның аудионұсқасын қалай тыңдауға болатынын көрсетті. Аталған кітап №7 мектеп-интернатының кітапхансасына сыйға тартылды .Ақпараттық сағат «Ұлт ұстазы» тақырыбында викторинасымен аяқталды.