«Кітапханаға кітап сыйла! акциясы

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла! атты акциясы жыл сайын өтеді. Биыл 14 ақпаннан - 14 наурызға дейін ұзартылды. Акция ашылған күні қонақтар кітапхана қорына 200-ге жуық әртүрлі жанрдағы кітаптарды сыйға тартқан болатын.

Бір ай ішінде оқырмандар мен қала тұрғындары акцияға белсенді түрде қатысты. Атап айтатын болсақ, біздің тұрақты оқырманымыз Созинов Владимир жеке кітапханасынан 60-тан аса кітапты сыйға тартты. Оның ішінде Стивен Кингтің, Джордж Лукастың «Звездные Войны», «Секретные материалы» сериялық кітаптар және көптеген қиял-ғажайыпқа толы кітаптарды көруге болады.

Қала тұрғыны Байқұрманов Ермат Нұрғалиұлы 50-ден астам кітапты сыйға тарты, соның ішінде «Ел перзенті» (құрастырушы Қуат Құрмансейіт) және үш томдық «Алтын тұғыр» кітабы бар.