Кітап оқуды қолдау акциясы

2022 жылдың 21 сәуірінде Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Тауасқан Медет Алпысбайұлымен №25 мектептің 4 сынып оқушылары арасында кездесу өтті.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған биылғы 2022 жыл - Балалар жылын қолдау аясында үшінші мәрте өткізіліп жатқан «Павлодар балаларға кітап оқиды» акциясы туралы С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкері ақпарат берді.

Медет Алпысбайұлы мектеп қабырғасында жүргенде оқыған кітап - Ыбырай Алтынсариннің әңгімелер жинағы туралы айтты. Қатысушылар «Өтіріктің залалы», «Надандық» әңгімелерінен үзінділерді оқып болған соң, әңгімелерде айтылатын адамның жағымды және жағымсыз қасиеттерін талқылады. Кездесу соңында М. Тауаскан балалардың назарын кітап оқудың пайдасына аударып, өз Отанының нағыз патриоттары болып өсуге тілек білдірді.