«Жасыл жапырақ» акциясы

22 мамырда Халықаралық биологиялық әртүрлілік күніне орай «Ізгі істер марафоны» жобасы аясында С. Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Жасыл жапырақ» экологиялық акциясы өтті.

Шараға кітапхананың жас оқырмандары және олардың ата-аналары қатысты. Кітапхана ауласына бірнеше әдемі гүлдер отырғызылды. Жаз бойы көзді қуантатын нәзік түймедақтармен және басқа да гүлдермен безендірді. Балалар осы шуақты күнді пайдалы әрі рахаттана өткізді.

Акцияның мақсаты - кітапхана ауласын жабдықтау, экологиялық мәселелерді талқылау және жас ұрпақты туған жерге, ел болашағына қамқорлық рухында тәрбиелеу.