«Бір ел - бір кітап 2022» акциясы

25 сәуір күні облыстық кітапхана қызметкерлері 5512 әскери бөлімімен бірлесе отырып Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсын» әдеби кеш өткізді. Іс-шара барысында «Бір ел - бір кітап» акциясының тарихы мен мақсаты туралы ақпарат берілді және Павлодар педагогикалық университетінің студенті Мүлікқызы Айгерім аталмыш акция аясында оқуға ұсынылған ақын, ғалым, тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Даланың дархан жұлдызы» атты бейне шолу жасады. Әдеби кеште қатардағы жауынгерлер де ақынның шығармашылығынан оқығандарымен бөлісті.

Ақынның «Қара бұлт» өлеңін және А.Байтұрсыновтың соңғы жазған хаты «Қаншеңгел» толғауын қатардағы жауынгер Аман Рахат орындаса, «Анама хат» өлеңін Дүйсенов Дархан, «Досыма» өлеңін Ризабек Арна мәнерлеп оқып, «Аққұм» әнін нақышына келтіріп шырқады. Сарбаздарға «Ұлтының ұлы ұстазы» кітап көрмесі ұсынылды.