Ақпарат күні: «Қ.И.Сәтбаев – әлемге әйгілі тұлға»

24 ақпанда «Қ. И. Сәтбаев - әлемге әйгілі адам» атты ақпарат күні өтті. Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты Мұратбек Қаппасұлы Омаров іс-шараға қатысқан №7 мектеп оқушыларына қазақтың көрнекті ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметі туралы дәріс оқыды.

Іс-шарада геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы инновациялық тәсілдер мен Қ.Сәтбаев рухани мұрасы талқыланды. Оқушылар Академик Сәтбаев залымен танысты, онда Баянауыл мемориалдық музейінің қорынан ұсынылған минералдар мен материалдар коллекциясы үлкен қызығушылық тудырды.