Ақпарат күні «әл-Фараби және оның мұрасы»

12 желтоқсанда облыстық кітапханада Инновациялық - Еуразиялық университеті «Құқық» кафедрасы «Юриспруденция» факультетінің 1,2,3 курс студенттері үшін 2020 жылы мерейтойы аталып өтетін ұлы ғалым, математик, музыка теоретигі, орта ғасырдың философы Әбу Нәср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған Ақпарат күні өткізілді. Студенттерге «Әл-Фараби және оның мұрасы» атты кітап көрмесі безендірілді, онда ғалымның еңбектері мен өмірбаяны жайлы әдебиеттер қойылды. Сонымен қатар, ғылыми, философия саласындағы анықтамалық әдебиеттер көрсетілді.

Студенттерді электрондық каталогтармен жұмыс жасауда жаңартылған «Web-rabis: Іздеу – тапсырыс» бағдарламасымен таныстырып, ДҚ, Web-ресурстар көрсетілді.