Ақын Ж.Амантайұлымен онлайн кездесу

27 наурыз күні С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының «Коронотерапия» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалының директоры, ақын Жарқынбек Амантайұлымен онлайн кездесу өтті. Жүздесу барысында ақын жергілікті филиалдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқтала келе, жеке шығармашылығы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ж.Амантайұлы «Аллажар», «Ескі сурет» кітаптарының авторы. Ол бүгінге дейін көптеген аймақаралық, республикалық жыр мүшәйраларына қатысып, өңір мерейін асырды. Ақын онлайн кездесу барысында елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты халықты ауызбіршілік пен сабырға шақырып, ел тұрғындарына сақтық шараларын күшейту туралы ақыл-кеңес айтты.

Жүздесу тікелей эфирде әлеуметтік желілерде көрсетілді.