«Әлем, гүлдер және үйлесім» гүлдер көрмесі

1 мамыр күні облыстық кітапханада Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған «Әлем, гүлдер және үйлесім» гүлдер көрмесі өтті. Әуесқой гүл өсірушілер, «Фиалочка» клубының мүшелері Асеева Елена, Попова Раиса, Зорина Людмила, Просянникова Елена кітапхана қонақтарына үй топтамаларынан бөлме өсімдіктерінің сұрыптарын ұсынды: бұл әдемі гүлдейтін шегіргүлдер, эписциялар, жаңа гвинеялық бальзаминдер, фуксиялар, сәндік - жапырақтылар және басқалары. Бұл жерде гүлдер өскінін сатып алуға, сондай - ақ күту және өсіру бойынша егжей-тегжейлі кеңес және шеберлік сыныбын алуға мүмкін болды.
15 жылдан астам уақыт бойы облыстық кітапханада әуесқой гүл өсірушілер жиналады. Отырыстардың барысында гүлдер әлемінің жаңалықтары талқыланады, қатысушылар гүл сұрыптарымен алмасады, гүл өсіру, ландшафтық дизайн бойынша жаңа кітаптармен танысып, бөлме өсімдіктерінің жаңа сұрыптарын таныстырады.