Әлемнің Абайы

10 тамызда, қазақтың ұлы ақыны, философ және композитор Абай Құнанбаевтың туған күнін балалар әдебиеті бөлімінің оқырмандары поэтикалық эстафетамен атап өтті.

Кітапхана фойесінде ақынның «Абайды оқитын уақыт келді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әрбір оқырман ақынның өлеңін мәнерлеп оқып, жатқа айтты. Барлық бейне материалдар С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының әлеуметтік желілеріне жарияланды

Абай күні танымдық-шығармашылық кешпен жалғасты. Қатысушылар Абайдың қазақ әдебиетінің дамуына қосқан мәдени үлесін тағы бір мәрте еске алып, өлең оқып, ақынның әндерін тыңдады.

Кітап-иллюстрациялық көрмені ұлттық киімдегі қуыршақтар мен картиналар толықтырды.