Интернеттен ақпарат іздеу алгоритмі

Кітапхана мамандарына заманауи кәсіби сауаттылық, заманауи пайдаланушылардың қажеттіліктеріне жауап беретін білім мен дағдылар қажет. Инстаграмдағы мәтіндерді қалай жазуға болады?, Интернеттен сапалы фотосуреттер мен суреттерді қалай іздеуге болады?, YouTube бейнелерін қалай жүктеуге болады? және басқа да мәселелерді жас мамандар «Кәсіби шеберлік мектебі» аясындағы кезекті оқытуда үйренді. Автоматтандыру бөлімінің басшысы 16 қатысушыға ойын түрінде практикалық сабақ жүргізді.