Алғыс айту күніне орай шетел тілінде мәнерлеп оқу сайысы

1 наурыз күні С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Қазақстандағы Алғыс айту күніне орайластырылған онлайн кездесу өтті. Кездесуге Халықаралық кітап секторының кітапханашысы Тимур Сулбаев және шет тілінде оқу байқауына қатысушылар – №2 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Презентация барысында жоғары сынып оқушылары осы мерекенің шығу тегі, сондай-ақ басқа елдердегі ұқсас мерекелер мен дәстүрлер туралы біліп, жақындарына шет тілдерінде алғыс білдірді. Ең шығармашыл оқырмандар сыйлықтармен марапатталды.