«Алихан Букейханов. Человек-эпоха» кітабының авторы В.И. Козодоймен кездесу

28 қазанда С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Ресей ғалымы, тарих ғылымдарының докторы Виктор Иванович Козодоймен кездесу өтті. Ғалым Павлодарға өзінің «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» кітабының тұсаукесеріне келді және монографиясы үшін материал жинап, көп жұмыс істеген кітапханаға баруға уақыт бөлді. Кездесуде Виктор Иванович кітапқа арналған материалдарды қалай жинағаны, онымен қалай жұмыс жасағаны туралы әңгімелеп берді. «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» кітабында Қазақстанның аумақтық субъектілігін негіздеген және Қазақстан мен Ресей тарихында маңызды рөл атқарған қазақ халқының ұлы азаматы туралы баяндайды.