«Алтын Орда – алтын тамыр, асқақ рух» онлайн дәрісі

15 қыркүйекте облыстық кітапханада Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда – алтын тамыр, асқақ рух» атты онлайн дәріс өтті. Дәрісті №19 мектептің тарих пәні мұғалімі Байдолда Марат оқыды. Дәрісте Алтын Орда тарихы, іргелі мемлекет болып құрылуы, тарихи зерттеулер туралы айтылды.

Оқытушы «Алтын Орда және Қазақстан: тарихи сабақтастық» арнайы қолданбалы курс енгізу, интеллектуалды сайыстар, олимпиада, ғылыми жобалар, ғылыми конференциялар, пікірсайыстар өткізу, ғылыми-шығармашылық көрмелер ұйымдастыру туралы ұсынысын білдірді.

Zoom платформасында және Facebook тікелей эфирінде көрсетілген онлайн дәріске тарихшылар, студенттер, оқырмандар қатысты.