Анастасия Цветаеваның немересі бізде қонақта

19 қыркүйек күні облыстық кітапханада Анастасия Ивановна Цветаеваның немересі Ольга Трухачева болды. Ол өзінің әжесі туралы естеліктермен бөлісті,өмірі мен шығармашылығы туралы, сонымен қатар Қазақстан мен Ресейдің әр түкпіріндегі Цветаев әпкелерінің  естеліктері қалай сақталғандығы туралы әңгімеледі. Іс- шараға А.И. Цветаева қоғамдық музейінің басшысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі О.Григорьева, «Славян мәдени орталығының» төрағасы Т.И.Кузина қатысты. Мәскеудің танымал цветаевтанушысы, Марина және Анастасия Цветаева туралы жиырмадан астам кітаптың авторы-құрастырушысы Мунира Уразова кітапханаға Цветаевтар отбасы туралы кітаптар сыйлады. Кездесуге Ольга Трухачевамен бірге Славян мәдени орталығының мүшелері, педагогикалық колледждің студенттері, Цветаевалардың шығармашылығын түсінетін поэзия сүйер қауым жиналды.