Анатолий Главацкий кітаптарының тұсаукесері

11 наурызда С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Анатолий Филиппович Главацкийдің  «Мне судьба подарила Одессу» және «Жизнь» кітаптарының тұсаукесері өтті. Анатолий Главацкий – қаламызға белгілі НОКО кәсіпорынының басшысы. Автор кітабында студенттік жастық шағын, Қазақстандағы тұрмысы мен жұмысы, тағдыр тоғыстырған адамдары жайында баяндайды.  Қазақстан және Ресей жазушылар Одағының мүшелері Юрий Поминов және Ольга Григорьева, Павлодар және Екібастұз епископтары Варнава, автордың әріптестері мен достары кештің қонағы болды.  Шараға бизнес колледжінің студенттері қатысты.